"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
AA+
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Мекен - жайы: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 14
Телефон:
+7 7143 33 89 26

27 қарашада Киров ауылдық кітапханасында орта буын оқырмандары үшін атақты американ жазушысы Марк Твеннің туғанына 190 жыл толуына арналған әдеби ойын өтті. Іс-шара жас оқырмандарға арналып, жазушының ең танымал туындысы – «Том Сойердің басынан кешкендері» романының желісі бойынша ұйымдастырылды.

       Қатысушылар викторина сұрақтарына жауап беріп, кітап желісі бойынша кроссворд шешіп, көріністер қойып, «Кейіпкерді таны», «Сөзді жалғастыр» сияқты байқауларға қатысты.

       Әдеби ойын көңілді әрі танымдық атмосферада өтті. Балалар Том Сойер мен оның достарының өмірі мен қызықты оқиғаларымен жақынырақ танысты. Іс-шара барысында балалар белсенділік танытып, үлкен қызығушылық білдірді, бұл классиканың әлі де өзекті әрі сүйікті екенін көрсетті.

Мемлекеттік бағдарламалар