
Тілдер онкүндігі аясында 12 қыркүйек күні Жақсы ауданы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің Орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұжымының ұйымдастыруымен "Кітапхана түні-2024" іс-шарасы өткізілді. Іс-шара аудандық Мәдениет үйі мен Жастар ресурстық орталығы қызметкерлерімен бірлесіп, "Қазына аралы" атты театрландырылған қойылым түрінде өтті. Іс-шараның мақсаты: кітап оқуға деген құштарлықты арттыру, мәдени құндылықтарды насихаттау, тіл құдіретін ұлықтау.