Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігіне орай Белағаш ауылдық кітапханасында «Тіл - халық жанын танудың кілті» атты тарихи сабақ өтті. Шара барысында қатысушылар қазақ тілінің бай мұрасымен, оның рухани мәдениет пен халық бірлігінің негізі ретіндегі маңызымен танысты. 5 қазанда туған күні аталып өтілетін ұлы ағартушы, ғалым, ақын, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығына ерекше назар аударылды.Оның қазақ тілі мен әдебиетін дамытуға қосқан үлесі халыққа шынайы қызмет етудің, ұлттық құндылықтарды сақтаудың жарқын үлгісіне айналды.
