Қазақстан халқы тілдері күніне орай Киев ауылдық кітапханасының кітапханашысы «Тіл - достықтың алтын көпірі» атты әдеби - поэтикалық сағат өткізді.
Іс - шараның басында кітапханашы 5 қыркүйек – Тілдер күнімен қатар, қазақ халқының көрнекті тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні екенін еске салды. Ол - қазақ тіл білімі мен әдебиетінің негізін қалаған ұлы ғалым, ақын, ұстаз әрі қоғам қайраткері. Оның қазақ тілін дамыту мен ағартушылық саласына қосқан үлесі орасан зор.
Кітапханашы, сонымен қатар, Қазақстанның бай тілдік және мәдени мұрасы туралы, тілдің ұлттық болмысты айқындайтын маңызды құндылық екені жайлы әңгімеледі.
Іс - шара жылы, шынайы атмосферада өтті және қатысушыларға әр халықтың тілін, мәдениетін және дәстүрін сақтау - баршамыздың ортақ міндетіміз екенін тағы бір мәрте көрсетті.