2025 жылдың 16 қыркүйегінде Жаңақима ауылдық модельді кітапханасы «Терроризмсіз болашақ – болашағы жоқ терроризм» атты ескерту сабағын өткізді.
Шара барысында мектеп оқушылары терроризмнің не екенін, оның түрлерін, мақсаты қандай екенін білді. Балаларға лаңкестік әрекет кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін білу, күдікті заттарға, сөмкелерге қол тигізбеу, осы тақырып бойынша телефонмен сөйлеспеу және ересектерге дереу хабарлау маңыздылығы айтылды. Оқушылар терроризмге деген көзқарастарын айтып, бейбіт өмір құндылықтарына құрметпен қарайтындықтарын білдірді.
