2026 жылдың 30 наурызында "Qazaq Play" жобасы аясында Жақсы ауылындағы №1 жалпы білім беретін мектептің 8 сынып оқушыларына Балалар кітапханасының қызметкерлері "Тепкіше немесе Ләңгі тебу" Қазақ ұлттық ойынының практикалық сабағын өткізді. Қатысушылар ұлттық ойынның ережелері мен ерекшеліктерімен танысты, жаттығуларды орындауда өз күштерін сынап көрді және жарысқа белсенді қатысты. Іс-шара қызықты өтті және ұлттық ойындардың танымал болуына ықпал етті.
