2025 жылдың 13 қарашасында Моховое ауылдық кітапханасында «Теңге-Тәуелсіздік символы» атты қаржы сағаты өтті. Шара қаржылық сауаттылықты арттыру және ұлттық валюта-теңгенің шығу тарихымен таныстыруды мақсат етті. Қатысушылар 1993 жылы теңгенің айналымға енгізілуі, оның экономика үшін маңызы, ұлттық тәуелсіздік туралы мағлұмат алды.Әр жылдардағы банкнот үлгілері қойылған «Ұлттық валюта-ел тәуелсіздігінің нышаны» атты шағын көрме ұсынылды. Сондай-ақ Қазақстанның қаржы жүйесінің дамуы туралы қысқаша бейнеролик көрсетілді. Іс-шара мазмұнды және интерактивті болды. Қатысушылар белсенділік танытып, тақырыпқа қызығушылық танытты.
