"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
AA+
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Мекен - жайы: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 14
Телефон:
+7 7143 33 89 26

Киров ауылдық кітапханасында бастауыш сынып оқушыларына арналған «Теңге-мемлекеттің нышаны» атты кітапханалық сабақ өтті. Сабақ Қазақстанның ұлттық валютасының тарихы мен маңызына арналды.

Кітапханашы оқушыларға теңгенің шығу тарихы, оның дизайны, банкноттар мен монеталарда бейнеленген тұлғалар туралы баяндап берді. Сонымен қатар, ұлттық валютаның мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендігінің маңызды белгісі екендігі түсіндірілді.

Шара барысында әр жылдардағы банкноттардың суреттері, қаржыға қатысты әдебиеттер мен танымдық материалдардан құралған шағын көрме ұйымдастырылды. Оқушылар арасында «Теңге туралы не білесің?» атты викторина өткізілді.

Іс-шара оқушылардың білім көкжиегін кеңейтіп, ұлттық нышандарға деген құрметін арттырды.

Мемлекеттік бағдарламалар