2025 жылдың 23 қазанында Тарасов ауылдық кітапханасының кітапханашысы орта буын оқырмандары үшін «Жүрегіме ыстықсың, Қазақстаным» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс - шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына арналды.
Кездесу басында кітапханашы балаларға Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихы, бұл мерекенің әрбір азамат үшін маңызы туралы әңгімеледі. Балалар Республика күні 25 қазанда атап өтілетінін және оның ел тәуелсіздігі, бірлігі мен ынтымағының символы екенін білді.
Шара барысында балалар белсенді түрде сұрақтарға жауап беріп, мемлекеттік рәміздерді, Тәуелсіз Қазақстанның дамуына үлес қосқан көрнекті тұлғалардың есімдерін еске түсірді.
