«Пай, пай, пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер!
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!» - деп М.Мақатаев айтқандай, ең біріншіден, туған жеріміз Қазақстанға тағзым етіп, тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымды мақтан тұтамыз.
«Ой-хой, қазақ даласы, не көрмедің?!
Қанша қурап, қаншама көгермедің?!
Қорқыт ата қобызымен боздаттың ғой,
Асанның шерге толы өлеңдерін!
Ой - хой, қазақ даласы, не көрмедің?!» - деп жырлағандай, халқымыз қазақ болып, ұлт болып қалыптасуы жолында да, одан кейінгі кезеңдерде де, талай қиямет - қайым күндерді де, талай қилы замандарды, кескілескен шапқыншылықтарды да бастан өткерді. Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың ұлы кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір кешудеміз.
Қазақстан – мәңгілік ел! Ал біз сол мәңгілік елдің адал ұлықтарымыз! Бұл – біздің мақтанышымыз!
Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 27 жыл толды. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның 27 жылда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың болғанына да мақтанамыз. Біз –тәуелсіз елдің патриотымыз! «Біз жастарға сенеміз» деп өз сөзінде айтып кеткендей, қазіргі уақытта біздің жастарға көмек көрсетіліп келеді, оның ішінде жумыспен қамту бағдарламасы, 2019 жылы -Жастар жылы деп бекітілген жарлығы, сонымен қоса жасөспірімдер үздік оқуды, ал жастар жақсы мамандық иесі болуды, жақсы өмір сүру армандарына қол жеткізуде.
Тәуелсіз елдін қалыптасып, дамуына кітапханада өз үлесін қосуда.
Қазіргі уақытта біз жасөспірімдерге бағыт беру мақсатында жұмыс атқарып жатырмыз. Біздің кітапханада жаңа жоба аясында жазылған мемлекеттік тілде шығарылған кітаптар өте көп, соның арасында заманауи ағымына байланысты әдеби құндылығы сақталған кітаптар шығарылымға шығуда.Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы, мәдени саясат тұжырымдамасы орасан үлесін қосты.
Көпшілікті толғандыратын Елбасымыздын өмір жолы, саясатқа қалай қадам басқаны, қазақ хандары мен билері, атақты жазушылар жайында ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатырған мыңдаған кітаптар бар.
Біздің кітапханада жасөспірімдермен жұмыс жасау сонымен қатар, зейнеткерлер мен ұлағатты ұстаздарға арналған кез келген тақырыпта ақпарат жинай алатын орасаң зор көмек бере алатын мәліметтер өте мол.
2018 жылы кітапхана жүйесі үшін олжалы жыл болды. Рухани жаңғыру мақаласын іске асыру аясында қол өнер шеберлері жұмыстарының көрмесі "Өнерлі қол - бақытқа жол" атты жобасы іске асты, алғашқы рет Астананың 20-жылдығына орай Әдеби бульвар өз жұмысын көрсетіп, халық көнілінен шықты, Баубек батыр кесенесінің 25-жылдығына орайластырылған "Аты аңызға айналған Баубек батыр" мерекелік іс шаралар, соның ішінде "Жақсының жақсысы Баубек батыр" кітабының тұсаукесері, "Баубек батыр өнегесі: аңыз бен ақиқат" ғылыми конференциясы, Запорожье ауылында модельдік кітапхана ашылуы және көптеген жазушылардың мерейлі жастарына арналған іс шаралар өткізілді. Еліміз үшін, халқымыз үшін әлі де талай, талай жақсы істерді атқаруға дайынбыз.
Барша оқырман қауымын, жақсылықтарды ең ұлы мерекеміз, әрі елдігіміздін асқар асуы – Тәуелсіздіктің 27 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!
Кітапхана есігі әрқашан сіздер үшін ашық, келіңіздер, оқыңыздар!
Аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы
Жақсы ауылы
