"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
AA+
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Мекен - жайы: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 14
Телефон:
+7 7143 33 89 26

2025 жылдың 21 қазанында Республика күніне орай Жаңақима ауылдық модельді кітапханасы «Елдің тағдырлы күні» атты әдеби-өлкетану панорамасын өткізді.

Шара барысында балалар мерекенің тарихымен таныстырылып, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу және даму кезеңдері туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар балалар «Менің өлкем - менің тарихым» командалық викторинасына және Қазақстан Республикасы күніне арналған «Мақал-мәтел жина» ойынына қазақ және орыс тілдерінде белсенді қатысты. Бұл ойын үшін мақал-мәтелдердің жартысы бар карталар пайдаланылды: қатысушылар жартыларды дұрыс қосу керек болды.

Шарада «Тәуелсіздік бастауы - Егемендік декларациясы» атты кітап көрмесі қойылды. Көрме оқырмандарды туған жер туралы кітаптарды оқуға, өткенді зерделеуге, бүгінгіні бағалауға шақырды.

Шара кең байтақ елімізге бейбітшілік пен тыныштық, бірлік пен береке тілеумен қатар жерлестердің Қазақстан туралы өлеңдерін оқумен аяқталды.

Мемлекеттік бағдарламалар