2026 жылғы 29 қаңтарда Подгорное ауылдық модельдік кітапханасының кітапханашысы орта жастағы оқырмандарға арналған «Тәрбиелейтін сөз: Шөмішбай Сариев» атты поэзия сағатын өткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар ақынның өмірі мен шығармашылығымен, қазақ әдебиетіне қосқан үлесімен, сондай-ақ шығармаларындағы Отанға деген сүйіспеншілік, адамгершілік құндылықтар, ар-намыс пен парыз тақырыптарымен танысты. Шөмішбай Сариевтің өлеңдері оқылып, оқырмандар арасында қызығушылық пен пікір алмасу тудырды.
Поэзия сағаты танымдық әрі жылы атмосферада өтіп, ұлттық әдебиет пен кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға ықпал етті.
