2025 жылғы 04 желтоқсанында Терісаққан ауылдық кітапханасы жастар мен оқырмандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында "Сыбайлас жемқорлықтың себептері, оларды жеңу жолдары" тақырыбында ақпараттық сағат өткізді. Шара барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері, оның пайда болу себептері және олармен күресу жолдары туралы ақпарат берілді. Қатысушыларға ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі тармақтары түсіндірілді. Әңгіме еркін форматта өтіп, жастар өз пікірлерімен бөлісті.
