Запорожье ауылдық кітапханасы «Сыбайлас жемқорлықты қалай жеңуге болады» тақырыбында ақпараттық парақшалар тарату жұмысын ұйымдастырды. Парақшаларда сыбайлас жемқорлықтың түрлері, оны анықтау тәсілдері және әрбір азамат бұл зұлымдықпен күресте қолдана алатын іс-әрекеттер туралы пайдалы мәліметтер берілді. Іс - шара әртүрлі жастағы оқырмандардың қызығушылығын тудырып, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етті.
