Чапаев ауылдық кітапханасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой-сананы және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы - бірге!» атты интерактивті әңгіме өткізілді. Қатысушылар сыбайлас жемқорлық ұғымын, оның салдарын және әрбір азаматтың сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимылдағы рөлін талқылады.