Белағаш ауылдық кітапханасында «Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз» атты әңгіме - диалог өтті. Шараға «Белағаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандары қатысты. Кітапханашы мен қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың түрлері мен оның қоғамның әртүрлі салаларында көрініс табу ерекшеліктерін, оның себептері мен салдарын талқылады. Жиын соңында жиналғандар намыс, ар - ұят, ар - ожданды қадірлей білу керек деген қорытындыға келді.