8 мамырда Запорожье ауылдық кітапханасында жастарға арналған «Сіздің ерлігіңіз тірі және мәңгі!» атты хронограф өткізілді. Іс - шара барысында жастар майдандағы совет сарбаздарының ерлігі, тыл еңбеккерлерінің ерлігі туралы білді. Кітапханашы соғыстың негізгі шайқастары мен олардың соғыс барысындағы өзгерістерге тигізетін маңызы туралы айтып берді. Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және басқа да батырлардың есімдері аталды. Шара жастардың қызығушылығын тудырды. Балалар сұрақ қойды, соғыс туралы өз білімдерімен бөлісті, майданда соғысқан немесе тылда жұмыс істеген туыстары туралы әңгімеледі. Іс - шара соңында қатысушылар Ұлы Отан соғысында қаза болғандардың барлығын бір минут үнсіздікпен еске алды. Осындай қайғылы оқиғалардың болашақта қайталанбауы үшін соғыс туралы тарихи естелікті сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.