3 наурыз күні Подгорное ауылдық модельдік кітапханасында Халықаралық әйелдер күніне арналған «Сіздер көркейтетін әлем» атты балалар шығармашылық сағаты өтті.
Іс-шара барысында балалар тақырыптық кітаптармен танысып, ана туралы өлеңдер оқып, жатқа айтты. Қатысушылар шығармашылық бөлімге ерекше қызығушылық танытып, өз қолдарымен ең жақын жандарға арнап суреттер салып, аппликациялар жасады.
Іс-шара соңында балаларға шағын тәтті сыйлықтар табысталды. Кездесу жылы, мерекелік атмосферада өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.