8 сәуір 2026 жылы Қима ауылдық кітапханасында орта буын оқырмандары үшін «Сиқырлы QR-ертегілер» атты интерактивті саяхат өтті. Іс-шара барысында балалар заманауи технологиялар арқылы сүйікті ертегілерімен танысты: әрбір QR-код жаңа ертегі үзіндісін, жұмбақ немесе ойын тапсырмасын ашып отырды. Осындай форматтың арқасында балалар уақыттарын көңілді өткізіп қана қоймай, зейінін, логикалық ойлау қабілетін және кітап оқуға деген қызығушылығын дамытты. Катысту: 8 адам.
