2025 жылғы 25 маусымда Подгорное ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы учаскелік полиция қызметкерімен бірлесіп, ауыл жастарына "Сенің таңдауың - сенің болашағың" атты нашақорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық сағат өткізді.
Іс - шара барысында қатысушылар нашақорлықтың денсаулыққа, психикаға және адамның әлеуметтік өміріне тигізетін зиянды әсеріне қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Жеткіншектер мен жастарда психоактивті заттарды қолданудан саналы түрде бас тартуды қалыптастыруға бағытталған құқықтық және медициналық ақпарат қолжетімді және тартымды түрде ұсынылды.
Қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудыру үшін әр қатысушыға жарқын, көрнекі буклеттер таратылды.