"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
AA+
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Мекен - жайы: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 14
Телефон:
+7 7143 33 89 26

Тірі болса 12 қаңтарда  бәрімізге өзінің әзіл әнгімелерімен танымал Сейіт Кенжеахметов 80 жасқа толар еді.

10 қаңтар күні Жақсы № 1 орта мектебінің 7-8 сынып оқушыларына Жақсы кітапхана қызметкерлері Сейіт ағамыздың 80 жылдығына орай портрет кешін ұйымдастырып, өмір және шығармашылық  жолымен таныстырып өтті. Кеш барысында жазушының орыс тіліне аударылған Хан барон на сезон кітабының «Расти так расти» атты әнгімесі дауыстап оқылды.

Жазушының көптеген әнгімелері адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелейді. Жазушы-сатириктін  сынадай қағылған сықақ өлеңдері мен әзіл әңгімелері оспақ сүйгіш оқырмандар үшін баға жетпес қазына.

Сейіт Кенжеахметұлы 1939 жылы Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Қызбел аймағындағы «Сарықопа» деген жерде дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын тәмәмдап, кейін ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын аудандық «Жаңа өмір» газетінің бөлім меңгерушілігінен бастаған.

1966— 1977 жылдары Қостанай, Торғай облыстық газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып істеді.

1977 — 1989 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының Торғай облысындағы кеңесшісі, 1989 — 2002 жылдары Торғай облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы әрі Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогика институтында доценткафедра меңгерушісі болып қызмет атқарды, қазақ әдебиеті тарихынан дәріс оқыды.

1990— 1995 жылдарда Торғай облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы міндетін қоса атқарды.

2003 жылдан Л.Гумилев атындағы  Еуразия ұлттық университеті  жанындағы «Отырар кітапханасы» Ғылыми-зерттеу орталығында аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер болды.

Әдебиетте алғашқы қадамын сатиралық өлеңдер мен мысалдар жазудан бастаған. Тұңғыш туындылары 1957 жылдан бастап «Лениншіл жас», «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Ара», «Мәдениет және тұрмыс» («Парасат»), «Қазақстан әйелдері» журналдарында жариялайды. Әзіл-сықақ әңгімелерімен бірге шағын интермедиялар жазды. Оның интермедиялары «Тамаша» ойын-сауық отауында 30 жыл бойы қойылып келеді. Этнографиялық-танымдық еңбектері үшін «Ана тілі» газетінің «Ана тілінің саңлағы» құрметті атағын алды (1992). «Жеті қазына»  атты 4 кітаптан тұратын ұлт мәдениетіне арналған ғылыми еңбегі үшін Қостанай облысы меценаттарының «Қазына» атты сыйлығын алды (2002).

Шығармалары: 

  • Кәрі шеңгел
  • Қуырдақ
  • Киіз қазық
  • Сөз семсер
  • Ел құлағы елу  Сықақ
  • Айтады  демеңіз
  • Тышқантірлік, Әзіл,  сықақ әңгімелер
  • Аттеріс.  Сықақ өлеңдер
  • Мірдің  оғы
  • Жеті  қазына. 1-кітап
  • Жеті  қазына. 2-кітап
  • «Ұлттық  әдет-ғұрыптың  бізге  беймәлім  220 түрі»
  • Күлкіден  айырмасын
  • Туыстық  атаулар сыры
  • «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» (2004 — 2007),
  • «Қазақтың дархан дастарханы» (2006 — 2007) атты көлемді энциклопедиялық еңбектері қазақорысағылшынқытайтүрікәзірбайжан, т.б. тілдерде басылып шықты.
  • «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті» деп аталатын этнографиялық танымдық еңбегі 2006, 2007 жылдары Мәскеуде өткен әлемдік кітап баспаларының көрмесінде 2 рет үшінші дәрежелі диплом мен бағалы сыйлыққа ие болды.

Соңғы аталған үш жинақ шетел баспаларында да басылып шықты және әлемнің 30-дай астам мемлекеттерге тарады.

Қазақтың мысал әңгімелері мен өлеңдерін құрастырып, 1981 жылы «Жалын» баспасынан бастырып шығарды. С.Олейник, С.Михалков, Ә.Несин, И.Крылов, т.б. ақын-жазушылардың шығармаларын аударған.

Қымбатты оқырман! Жақсы аудандық орталық кітапхана есігі сіздер үшін әрқашан ашық. Келіңіздер! Оқыңыздар!

Қазақстанның болашағы – сауатты қазақстандықтар қолында!

Мемлекеттік бағдарламалар