28 қаңтар 2025 жылы Қима ауылдық кітапханасы интернет қолданушылары үшін Саин Мұратбековтың «Жабайы алма ағашы» кітабына арналған бейнереклама дайындады. Бейнероликті кітапхананың оқырмандарының бірі оқып, таныстырды. Бейнежазба жаңа оқырмандарды тарту және кітап оқуды насихаттау мақсатында тірі ұсыныс форматында жасалды. Эмоциялық әсері, шынайы пікірлер мен көркем безендірілуі роликті қызықты әрі кең аудиторияға қолжетімді етті.