14 тамызда Тарасов ауылдық кітапханасының кіші топ балаларына арналған кітапханашысы "Сүйікті кітаптың портреті" атты кітап - селфи өткізді. Қатысу үшін кітапханада сүйікті кітабы бар оқырманның суреті қажет болды,оқырмандар суретке түсіп , бұл кітаптың неге ең сүйікті екенін айтты.Қатысушылар сүйікті кітаптары туралы қызықты және шынайы әңгімеледі.
Бұл іс - шара бірнеше мақсатқа қол жеткізді: кітапхананы танымал етті,балалардың назарын оқуға аударды.
Оқырмандардың сүйікті кітаптарының қатарына Ганс Христиан Андерсен "Ертегілер", Адырбек Сопыбеков "Шешілген жұмбақ", Несіпбек Айтұлы "Саяхатшы шыбын", Зәуре Төреханова "Айша және көрінбейтін көршілер "және балалар әдебиетінің қазіргі заманғы авторлары мен классиктерінің басқа да көптеген кітаптары енді.
