2025 жылдың 23 қазан күні Терісаққан ауылдық кітапханасында Республика күніне орай «Республика-рухы биік ел» атты әңгіме сағаты өткізілді. Шара барысында республика ұғымының мәні мен маңызына тоқталып, еліміздің Ата Заңы, мемлекеттік рәміздер және Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері туралы баяндама жасалды. Қатысушылар тақырып бойынша өз ойларымен бөлісіп, тақырыпқа сай сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, «Республика-ел мерейі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, тарихи және танымдық әдебиеттер таныстырылды.
