12 қантарда Жақсы орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары Жақсы № 2 жалпы білім беретін мектебінің жоғары сынып оқушыларына арналған Дүниежүзілік діндер күніне орай «Әрбір дінге құрмет - салауатты қоғамның негізі» тақырыбында білім аукционын өткізді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен жыл сайын бүкіл әлемде Діндер Дүниежүзілік күні аталып өтеді.
Іс-шара барысында кітапханашы діндер тарихы туралы қысқаша айтып берді, ал содан кейін оқушылар осы тақырып бойынша сұрақтарға белсенді түрде жауап беріп, білімдері мен қызығушылықтарын көрсетті.
Кездесу барысында Жақсыдағы «Уәли» мешітінің бас имамның орынбасары Жанабаев Чингисхан Бахтиярұлы сөз сөйлеп, қоғамдағы рухани құндылықтардың, татулық пен өзара құрметтің маңыздылығына тоқталды.
Іс-шара жас ұрпақтың бойында сыйластықты, төзімділікті және рухани құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етті.
Іс-шара аясында діндер тарихы мен әлем халықтарының мәдениетіне арналған әдебиеттер қойылған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
