2019 жылдың 03 қыркүйегінде Жақсы орталық кітапханасында мекеме қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Токаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауын талқылау бойынша дөнгелек үстел өткізілді.
Елбасы Үкімітке 2020 жылдан бастап мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын арттыруды тапсырды. Бұл ретте мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға, ең алдымен кітапхана, мұражай, театрлар қызметкерлеріне ерекше көңіл бөлінеді, соңғы жылдардағы жалақы іс жүзінде өскен жоқ екенін атап өтті.
Президентіміздің барлық бастамаларын қолдай отырып, біздің ұрпақ гүлденіп, әділ елде бақытты болады деп сенеміз.