2025 жылдың 22 қыркүйегінде Қима ауылдық кітапханасының кітапханашысы оқырмандар тобына «Президент Жолдауы – әрекетке бағыт» атты ақпараттық сағат өткізді. Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа Жолдауының бейнежазбасы көрсетілді. Көрсетілімнен кейін Жолдауда айтылған негізгі бағыттар мен басымдықтар талқыланды. Әсіресе әлеуметтік қолдау, ауылды дамыту, білім беру және ел болашағындағы жастардың рөліне ерекше назар аударылды. Мәдени шара азаматтық белсенділікті арттыруға және құқықтық сауаттылықты нығайтуға ықпал етті, сондай-ақ оқырмандар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Катысту: 11 адам.
