Подгорное ауылдық модельдік кітапханасының кітапханашысы Подгорное орта мектебімен бірлесіп Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай «Мәдениеттер мозаикасы: Бірліктегі сұлулық» атты әдеби-сазды сағатын өткізді. Іс-шара театрландырылған қойылым түрінде өтті, онда әр түрлі ұлттардың әндері шырқалды, халықтық дәстүрлер көрсетілді.