26 қарашада Калининское ауылдық кітапханасында оқырмандардың кіші және орта топтары үшін «Патриотизм-асқақ рухтың белгісі» тақырыбында азаматтық сағат және презентация өткізілді. Азаматтық сағат барысында қатысушылар патриотизм ұғымының мазмұны, оның адам өміріндегі және қоғам дамуы үшін маңызы туралы тың деректер алып, Отан тарихындағы ата-бабаларымыздың ерлік істері мен ел үшін жасаған құрбандықтары жөнінде мағлұмат алды.
Презентацияда ұлттық рәміздер, тарихи тұлғалар, қазақ жерінің бірлігі мен тұтастығын сақтау туралы ақпараттар ұсынылды. Қатысушылар бейнематериалдар көріп, туған жерге деген сүйіспеншілікті оятатын әсерлі деректермен танысты.
