2026 жылғы 15 мамыр күні Отбасы күніне орай Жаңа Қима модельді ауылдық кітапханасы мен ауылдық мәдениет үйі бірлесіп «Отбасылық құндылықтар – бақыттың негізі» атты тақырыптық кездесу кешін өткізді. Кеш қонақтары өздерінің өмірлік өнегесі арқылы отбасындағы өзара түсіністік пен қолдаудың маңыздылығын көрсеткен отбасылық жұптар болды.
