2025 жылғы 10 шілдеде Қима ауылдық кітапханасының кітапханашысы кіші және орта топ оқырмандарына арнап «От басындағы мамандық» атты өрт сөндіру бөліміне экскурсия ұйымдастырды.
Өрт сөндірушілер арнайы техниканы, отпен күресуге арналған арнайы киімдерді көрсетіп, балалардың барлық сұрақтарына жауап берді.
Экскурсияның ең қызықты сәті - балалардың нағыз өрт сөндіру машинасының кабинасында отырып көру мүмкіндігі болды!
Бұл экскурсия балалардың ой - өрісін кеңейтіп қана қоймай, өрт сөндіруші мамандығының маңыздылығын түсінуге және қауіпсіздік негіздерін меңгеруге көмектесті
