28 қаңтар 2026 жылы Қима ауылдық кітапханасы оқырмандар үшін «Ойын-сауықтар калейдоскопы» атты шара ұйымдастырды. Кітапхана қонақтары үстел үсті және қимылды ойындарға қатысып, әдеби викториналарға жауап беріп, өз қызығушылықтарына сай кітаптарды таңдап оқуға мүмкіндік алды. Ойын-сауықтар калейдоскопы достық атмосфераның қалыптасуына, кітап пен оқуға деген қызығушылықтың артуына, сондай-ақ кітапхана мен оқырмандар арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етті. Катысты: 8 адам.
