"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
AA+
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Мекен - жайы: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 14
Телефон:
+7 7143 33 89 26

Наурызнама мерекесін атап өту аясында 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Киев ауылдық кітапханасында «Салт-дәстүр – асыл қазына» атты ұлттық дәстүрлермен таныстыруға арналған шеберлік сабағы / этнографиялық сағат өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар қазақ халқының ұлттық мәдениетінің элементтерімен танысты. Ұлттық ою-өрнектермен, түрлі-түсті ленталармен және тұрмыстық бұйымдармен безендірілген арнайы этно-бұрышта қатысушылар қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің атмосферасына еніп, ұлттық құндылықтарды жақынырақ таныды. Аға буын өкілдері балалар мен жасөспірімдерге ұлттық қолөнердің элементтерін және дәстүрлі бұйымдарды әшекейлеу тәсілдерін көрсетті. Қатысушылар қазақтың ұлттық бас киімдерін киіп көріп, ою-өрнектерді тамашалап, сәндік элементтермен жұмыс істеуді үйренді. Іс-шара барысында қатысушылар бірге қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен бұйымдар жасап, оларды әшекейледі. Сондай-ақ ұлттық өрнектердің мағынасы талқыланып, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы мағлұмат алды.

Мемлекеттік бағдарламалар