Салт-дәстүр – ұлттың болмысының көрінісі, оның қалай өмір сүретінің, не туралы ойлайтының, неге сенетінің көрсеткіші. Қазақтың үйлену дәстүрі өмірдегі ең қызық, оқиғаға толы, ең маңызды рәсімдердің бірі болса керек.
Наурыз мерекесіне орай Жаңақима ауылдық модельді кітапханасы ауылдық мәдениет үйімен бірлесе отырып, «Шабыт» қызығушылық клубы аясында «Наурыздың ғасырлық дәстүрі» атты дәстүр кешін өткізіп, онда «Құдалық» атты тамаша да қызықты көрініс көрсетті.
Мақсаты: қазақтың халық өнерін насихаттау, ұлттық салт-дәстүрді, мәдениетті сақтау және дамыту. Оған 37 адам қатысты.