"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
AA+
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Мекен - жайы: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 14
Телефон:
+7 7143 33 89 26

2026 жылдың 19 наурызында Моховое ауылдық кітапханасында «Наурыз: халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» атты этнографиялық тәрбие сағаты өтті. Шара барысында кітапханашы қатысушыларға Наурыз мерекесінің шығу тарихы туралы айтып берді. Қатысушылар мерекенің салт-дәстүрлерімен, ұлттық ойындар мен әдет-ғұрыптардың маңызымен танысты. Мерекенің ажырамас бөлігі болып табылатын отбасы құндылықтары, үлкенге құрмет, қонақжайлылық туралы әңгіме ерекше қызығушылық тудырды. Жиналғандар пікірталасқа белсенді қатысып, өз білімдерімен, отбасылық дәстүрлерімен бөлісті. Қатысушылар мүмкіндігінше мектеп мұражайын да аралады. Шара соңында барлығы бірін-бірі мерекемен құттықтап, бір-біріне амандық пен ырыс-береке тіледі.

Мемлекеттік бағдарламалар