17 наурыз күні Запорожье ауылдық модельді кітапханасында дәстүр мен заманауи технологияларды ұштастыруға бағытталған «Наурыз FUSION» AI-квесті өтті.
Қатысушылар QR-кодтармен жабдықталған кітаптармен танысып, оқу үдерісін цифрлық мазмұн арқылы кеңейтті.
Іс-шара барысында балалар жасанды интеллект және Наурыз мерекесінің болашағына арналған викторинаға қатысты.
Олар Наурыздың алдағы жылдары қандай сипатта болуы мүмкін екені жөнінде ой бөлісті.
Практикалық бөлімде қатысушылар мерекенің дамуына қатысты креативті промттар құрастырды.
«PROMT Engineer» ойыны ерекше қызығушылық тудырып, қатысушылар «Наурыз 2050» тақырыбында тың идеялар ұсынды.
Ұсынылған идеялар қатарында наурыз көжені роботтардың дайындауы, батаны жасанды интеллект арқылы беру және алтыбақанды дрондармен әуеде ұйымдастыру сияқты тың болжамдар болды.
Іс-шара «Наурыз FUSION» ұғымының мәдениет, дәстүр және инновациялық идеялардың үйлесімді байланысы екенін айқын көрсетті.
