2025 жылғы 5 қараша күні Жаңақима ауылдық модельді кітапханасының және Мәдениет үйінің қызметкерлері «Жаңа-Жол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың « Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру мақсатында « Нақты мүмкіндіктері бар мемлекет» атты дөңгелек үстел өткізді.
Шара мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауының ел дамуының стратегиялық құжаты ретіндегі маңыздылығын қысқаша баяндаумен басталды.
Дөңгелек үстелге қатысушыларға Жолдаудың негізгі бағыттарына шолу жасалды, соның ішінде: әлеуметтік бастамалар, экономикалық реформалар, өңірлік даму, ауыл халқын қолдау. Басқа тақырыптармен қатар цифрландыруға ерекше көңіл бөлінді.
Негізгі баяндамадан кейін пікірталас өтті, қатысушылар сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті.
Іс-шара белсенді және танымдық атмосферада өтті. Жиналғандар мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.
Қатысушылар тақырып бойынша материалдарды қарай алатын тақырыптық сөре де орнатылды.