2025 жылдың 13 тамызында Беловод ауылдық кітапханасында "Нағыз оқитын кез" жобасының жоспары бойынша орта топ оқырмандарымен «Кітапты қаншалықты білесің? » атты әдеби сабағы өткізілді.Шара барысында оқырмандар өздерінің сүйікті кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісті, шығармалар мен өлеңдерден үзінділер оқыды, көңілді әңгімелер мен ертегілерді қызығушылықпен тыңдады, жарқын суретті кітаптарды қарады. Кітапханашы қорда бар бірнеше жаңа кітаптарды таныстырып, олардың мазмұнына қысқаша сипаттама берді және оқуға ұсынды. Іс-шараның соңында «Әдеби кейіпкерлер» викторинасы ұйымдастырылды: оқырмандарға кейіпкерлерді немесе шығармадан үзіндіні болжау ұсынылды. Бұл бөлім жанды қызығушылық пен белсенділік тудырды.
