26 мамыр күні Запорожье ауылдық модельдік кітапханасында Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Ұмытылмайтын тарих» атты еске алу сағаты өтті. Іс-шара тарихи жадыны сақтау мен қуғын-сүргін жылдарында зардап шеккен жандардың тағдырына құрметпен қарауға тәрбиелеуге бағытталды.
