18. 05. 25. І. Есенберлиннің 130 жылдығына орай Моховое ауылдық кітапханасында «Көшпенділер» романын дауыстап оқу өтті. Шара барысында қатысушыларға жазушының өмірбаяны туралы айтылып, романның негізгі тақырыбы билік үшін күрес және оның зардаптары туралы айтылды. Есенберлин атаққұмарлықтың, билікке деген құштарлықтың қантөгіске, ойранға апаратынын көрсетеді. Сонымен бірге ол бір - бірінен алшақ жатқан тайпалардың басын біріктіріп, тәртіп орната алатын мықты басшының маңыздылығын атап көрсетеді. Шара соңында жиналғандар үлкен экраннан «Көшпенділер» аудиокітабын тыңдады.