"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
"Жақсы ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" - сізді мәдениетке жеткізеді!
AA+
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Мекен - жайы: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 14
Телефон:
+7 7143 33 89 26

2025 жылғы 1 қазан күні Жақсы аудандық кітапханасында Қарттар күніне орай «Үміт» клубының мүшелерімен ерекше кездесу ұйымдастырылды. Бұл жолғы кездесу дәстүрден тыс форматта – күзгі сайыс түрінде өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – өмірлік тәжірибесі мол, ақыл-кеңесімен әрдайым үлгі бола білген ардагерлерімізге құрмет көрсету, олардың көңілін көтеру, белсенді өмірге шақыру болды.

Кездесу барысында қатысушылар күзгі тақырыптағы түрлі көңілді тапсырмалар орындап, өнерлерін ортаға салды.Сайыс рухты көтеріп, жылы жүзді әңгімелермен, шынайы күлкімен әрленді. Кеш соңында жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табыс етіліп, барша қатысушыларға арналып шай дастарханы жайылды.

Бұл кездесу қарттарымызға деген ризашылық пен құрметтің жарқын көрінісіне айналды.

Мемлекеттік бағдарламалар