29 сәуір күні Ешім ауылдық кітапханасында қазақтың көрнекті ақынының өмірі мен шығармашылығына арналған "Жұмекен Нажімеденовтің көрнекті тұлғасы"атты әдеби вернисаж өтті. Шарада еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне сіңірген еңбегі, өмірбаянының негізгі кезеңдері таныстырылды. Қатысушылар ақынның шығармаларымен танысты. Іс - шара ұлттық құндылықтарды және ұлттық мұраға деген қызығушылықты насихаттады.