23.09.2025 ж Беловод ауылдық кітапханасында орта топ оқырмандарына "Kitaptime"акциясы аясында «Менің сүйікті кітабым» атты ашық кітап оқу өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандар өздерінің сүйікті кітаптарынан үзінді оқыды. Сондай-ақ оқырмандармен Абай Құнанбаев, Мұқағали Мақатаев, Бердібек Соқпақбаев сынды авторлардың шығармаларынан дауыстап оқу ұйымдастырылды.
Қатысушылар арасында "Менің сүйікті кітабым" тақырыбында қысқаша пікір бөлісу және викторина өткізілді. Белсенді оқырмандарға шағын сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.
