21 қазанда Республика күніне орай Киров ауылдық кітапханасында кіші жастағы оқырмандарға арналған «Менің Отаным - Қазақстан» атты патриоттық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің басты жетістіктері туралы әңгімелеп, Қазақстанның егемендікке қол жеткізу жолындағы тарихи оқиғалардың маңыздылығын атап өтті.
Қатысушылардың ерекше қызығушылығын «Тәуелсіздіктің бастауы Егемендік туралы декларация» атты кітап-иллюстрациялық көрме тудырды. Онда елдің алғашқы қадамдары туралы баяндайтын кітаптар, фотосуреттер мен құжаттар қойылды.
