2026 жылғы 29 қаңтарда Қима ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандары үшін «Менің кіші Отаным – ұлы елдің бір бөлшегі» атты өлкетану вернисажы өтті. Іс-шара барысында кітапханашы қонақтарды Қима ауылының шежіресімен таныстырды. Оқырмандар алғашқы қоныстанушылар туралы, елді мекеннің іргетасы қалай қаланғаны және ондаған жылдар бойы ауыл келбетінің қалай өзгергені жөнінде мағлұмат алды. Кездесуге ерекше жылулық сыйлаған ауыл ақсақалдарының естеліктері болды, сол арқылы қонақтар өткен тарихпен ажырамас байланысты сезіне алды. Осындай іс-шаралар ұлы елдің тарихы шағын ауылдарда өмір сүріп жатқан қарапайым адамдардың тағдырынан құралатынын еске салады. Катысту: 9 адам.
