Чапаев ауылдық кітапханасы оқырмандар арасында «Менің құқығым бар: балалар құқығы әлеміне саяхат» атты интерактивті викторина өткізілді. Шара барысында кітапханашы балаларды Бала құқықтары туралы конвенцияның негізгі баптарымен таныстырды. Мақсаты: Балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру; БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясының негізгі ережелерімен таныстыру; Алған білімдерін өмірде қолдана білу қабілеттерін дамыту; Әділдік пен жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.