8 желтоқсанда Киров ауылдық кітапханасында жасөспірімдер мен жастар арасында «Менің интернетім қауіпсіз бе?» тақырыбында сауалнама жүргізілді.
Сауалнама барысында қатысушыларға бірнеше сұрақтар қойылып, интернеттегі өз әрекеттері мен әдеттерін бағалауға мүмкіндік берілді. Нәтижелері бойынша кітапханашы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, интернет қауіпсіздігі бойынша пайдалы кеңестер берді.
Іс-шара жас оқырмандардың желідегі мінез-құлқы туралы ойлануына, жеке деректерін қорғау қажеттігін түсінуіне ықпал етті.
