2025 жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында Моховое ауылдық кітапханасы «Мен, менің үйім, менің Қазақстаным» тақырыбында балалар сурет байқауын өткізді. Сайысқа 7 мен 9 жас аралығындағы балалар қатысты. Әр қатысушы туған жерге, отбасына, мемлекеттік рәміздерге деген сүйіспеншілігін көрсететін өз жұмыстарын ұсынды.Суреттер жанды, ерекше және балалардың көзімен Қазақстанның шынайы көрінісін ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Үздік жұмыстар барлық кітапхана келушілеріне қолжетімді көрмеге қойылды.Іс-шара жылы шырайлы, шығармашылық жағдайда өтіп, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін арттыруға ықпал етті.
