2020 жылдың 27 қаңтары күні Жақсы ауылының сауда үйлерінде аудандық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Мен Абайды оқимын» акциясы өткізілді. Ұлы ақынның 175 жылдығына арналған акция жасөспірім ұрпақтың рухани дамуына үлес қосумен қатар отандық әдебиетті оқуға тартуды мақсат етті. Акция барысында ағартушы-ақынның өлеңдері оқылып, өмірі мен шығармашылығы жайында қысқаша ақпараты бар «Әлемге танылған Абай» атты жаднамалар таратылды. Акция сұрақ сауалдарымен өз мәресіне жетті.