4 маусымда ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай Лозовое ауылдық модельдік кітапханасында оқырмандардың кіші және орта топтарына арналған "Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш" танымдық мозаикасы өтті, іс - шараға көрме - инсталляция дайындалды. Іс - шара мемлекеттік рәміздердің тарихы туралы бейнероликті көруден басталды, содан кейін мемлекеттік рәміздердің тарихы бойынша "Білгірлер квесті" өтті. Іс - шара барысында балалар еліміздің мемлекеттік рәміздерінің тарихы мен құрылуы туралы білімдерін толықтырды.